Мемлекет басшысының Жарлығымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев – Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, делінген Ақордада жарияланған мәлімдемеде.