Осы бағдарламаны іске асыру аясында Ақтау қаласының № 2 сотының төрағасы Р.Бейсенов пен кеңсе меңгеруші Н.Ерджанов Сарыарқа аудандық сотына тәжірибе алмасу үшін іс-сапарға барған болатын.
Фронт-офис жайлы жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, сот отырыстарының тізімі мен талап және басқа да арыздардың үлгілері жазылған стендтермен жабдықталып, интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілген. Ақпарат орталығы, өзіне-өзі қызмет көрсету орны, күту залы, медиатор мен адвокат кабинеттері де осында жайғастырылған.
Фронт-офисте азаматтар медиаторлар мен адвокаттардан консультациялар алып, медиация тәртібімен дауларды шешуге мүмкіндік алады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Маңғыстау облысы