Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Қар, мұз, сүңгілер тазаланбаса, қайда хабарласу керек

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018-2019 жыл қысқы маусым басталғалы бері қаланы қардан, мұздан, мұзды сең мен сүңгілерден тазалау бойынша iKomek орталығына 4638 өтініш келіп түсті. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қар, мұз, сүңгілер тазаланбаса, қайда хабарласу керек

Сонымен қатар, сервисті әлдеқайда сапалы ұсыну үшін орталық қызметкерлері тұрғындарды қырағы болып, белгілі бір жайт орын алған жағдайда, суретке/видеоға түсіріп, iKomek орталығына мынадай жолдармен жіберуге шақырады: 

Telegram чат-боты https://t.me/astanaikomek109_bot;

Әкімдіктің astana.gov.kz сайты;

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегін белгілеу;

Facebook www.facebook.com/astana109/;

Instagram www.instagram.com/astana109/;

Telegram-арна https://t.me/astana109112.

Еліміздің басқа аймақтарының тұрғындары жергілікті әкімшілікке хабарласа алады.