Қазақстан • 13 Ақпан, 2019

2018 жылы қосымша 20-дан астам жолаушылар пойызы ұйымдастырылды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ашқан «Апматы – Түркістан» және «Астана – Түркістан» қатынасындағы екі жаңа бағыт Түркістан облысына бару мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтті деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

 

2018 жылы қосымша 20-дан астам жолаушылар пойызы ұйымдастырылды

Бұдан басқа, өңірдің көліктік қолжетімділігін дамыту үшін «Түркістан - Сарыағаш», «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Шымкент» - қаламаңы әлеуметтік-маңызды бағыттар бойынша пойыздардың қатынасы ұйымдастырылды.

Жолаушылардың сұрауы мен өтініштерін назарға ала отырып, 2018 жылы республикаішілік бағыттар бойынша қосымша сегіз коммерциялық пойыз, сондай-ақ «Қарағанды-Томск»  қатынасындағы халықаралық жолаушылар пойызы іске қосылды. Мереке мен мерекеалды күндері әр түрлі 13 қосымша пойыздар жолға шығарылды.

Өткен жылы «Алматы-Павлодар», «Астана-Риддер» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған екі жолаушы пойызының жылжымалы құрамы жаңартылды.

2019 жылы Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру саласындағы жұмыс тиімділігін қамтамасыз ету, клиенткемойынбұруды арттыру жөніндегі жұмыстарды ары қарай да жалғастыратын болады.