Ендігі кезекте осы жұмыстар барысында «Алматы-1» теміржол вокзалы да қайта жарақталатын болды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында «Алматы-1» теміржол вокзалын модернизациялау барысында сапалы материалдар пайдаланылуы және заманауи архитектуралық шешімдер қабылдануы тиіс екенін атап көрсетті. Қайта жоспарлаудан кейін вокзалда күн сайын 11-ден 16 мыңға дейін жолаушы қабылдайтын болады. Соған орай күту орындарының саны төрт есе артады. Сонымен қатар жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жағдайлар жасалып, заманауи конкорлы өткелдер салынып, бұрынғы жер асты жолы кеңейтіледі және эскалаторлар қойылатын болады.
Жергілікті бюджет есебінен өиткен Алматы – 1 және 2-ші теміржол вокзалдарының айналасы жаңарып, қоғамдық көлікке ыңғайластырылып жасалды. Жаяу жүргіншілер жүретін жерлер абаттандырылып, қауіпсіздік мақсатында бейнекамералар орнатылды.
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Еqemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ