Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Маңғыстауда «Қайырымдылық керуені» байқауы жалғасып жатыр

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына қатысуға 40 маңғыстаулық өтінім берген. Байқауға қатысуға ниеттілердің көп бөлігі - ауыл тұрғындары. Әр номинация бойынша 3 қатысушыдан таңдап алынады, олардың кандидатуралары Астанада қаралатын болады дейді жоба үйлестірушісі, Ақтау қаласы «Іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы Ирина Беляева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Маңғыстауда «Қайырымдылық керуені» байқауы жалғасып жатыр

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» Агенттігінің бірлесе жүргізіп отырған қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту мақсатындағы бұл байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

2018 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарының есімдері ақпанның соңында – Алғыс айту күні мерекесінің қарсаңында белгілі болады.

Жеңімпаздар халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған «Асар», білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға берілетін «Туған жер», ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдар үшін «Мейірім жолында», сондай-ақ ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамға қолдау көрсету мақсатында тағайындалатын «Батыл жүрек», БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын материалдардың жариялануынын қамтамасыз ететін журналистерге немесе шығармашылық ұжымға берілетін «Қайырымдылық тарихы» номинациялары бойынша анықталады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы