Мәжіліс депутаты елімізде монументалды өнердің дамып жатқанын ескере отырып, қазіргі таңда ескерткіштер мен бьюстердің көптеп орнатылып жатқанын айтып өтті. Дегенмен олар біраз уақыттан кейін қараусыз қалып, күтусіз екенін ескертті. Бұл жағдайдың қалай шешілетінін сұрады.
Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа Заң жобасында бұл мәселелердің есепке алынғанын айтты.
«Жаңа заң жобасында монументалды объектілердің орындары туралы жазылған. Ендігі кезекте монументтерді жеке тізімге қосып, архитектуралық объектілерден бөліп, жеке қарастырмақпыз. Негізінде кез келген орган тиісті мекемелерге шағымданып, монументалды ескерткіштердің бұзылғаны үшін сотқа бере алады» деді Мәдениет және спорт министрі. Сонымен қатар белгілі монументалды ескерткіштер тиісті мекемелердің қарауына беріліп, оларға жауапты болатынын да айтып өтті.