Жұмыссыздар бұл курстарға жасына, білімі мен тұрғылықты жеріне қарамастан түсе алады және олар оқу кезінде материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Мысалы, облыс аумағына жататын, бірақ қатысушы тұратын елді мекеннен тыс орналасқан білім беру ұйымдарына барып қайту үшін оқудың барлық кезеңінде 4 АЕК (10100 тг) төленеді. Тұратын жеріне төлеу үшін ай сайын 5 АЕК (12625 тг) бөлінеді, сонан соң оларға 16759 теңге мөлшерінде шәкіртақы беріледі
120-дан астам мамандық оқытылатын курстардың ұзақтығы жұмыссыз жүрген жандардың біліктілігі мен икеміне байланысты бір айдан алты айға дейінгі уақытты қамтиды.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды