Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Қызылорда облысы: 2018 жылы жалпы тәжірибедегі 30 дәрігерді оқыту үшін арнайы гранттар бөлінді

240 реткөрсетілді

Бұл шаралар денсаулық сақтау саласы мамандарының тапшылығын азайту үшін қабылданды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылы жалпы тәжірибедегі 30 дәрігерді дайындау үшін облыс әкімінің арнайы гранттары тағайындалды.

2016 жылдан бастап медицина саласындағы мамандардың тапшылығын болдырмау үшін Қазақстанның 5 жетекші ЖОО-да облыс әкімдігінің гранты бойынша 42 резидент білім алуда. Биыл өңір үшін қажетті мамандықтар бойынша алғашқы 16 білікті дәрігер оқуын аяқтайды.

Сонымен қатар, 2018 жылы 720 дәрігер мен 767 маман өз білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттырды.

Өткен жылы Қызылорда облысы республикада бірінші болып Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) " Өңірлер денсаулық үшін" Еуропалық желісіне кіргенін атап өткен жөн. Бұл Еуропа елдерінде енгізілетін озық технологияларды қолдауға, денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және өңірдегі бастапқы медициналық санитарлық көмек (БМСК) бойынша үздік әлемдік тәжірибені бейімдеуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 2019 жылы 13 ақпанда, Н.Бекежанов атындағы театрда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті, жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, 2019 жылға арналған жоспарларды баяндады.

  Есепті кездесу «Qyzylorda» облыстық телеарнасының эфирінде, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми "facebook" парақшасында және youtube әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы Түркия халқына көңіл айтты

Қазақстан • 25 Қаңтар, 2020

Електің соры – алты валентті хром

Экология • 25 Қаңтар, 2020

БҚО полициясы 440 отбасын тексерді

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2020

Түркияда жер сілкінісі болды

Әлем • 25 Қаңтар, 2020

Қызылорда: Қазалыдағы қоныс той

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2020

Дзюдо: Бүгін жүлде бұйырмады

Күрес • 24 Қаңтар, 2020

Президент әкімдермен кеңес өткізді

Президент • 24 Қаңтар, 2020

Ұқсас жаңалықтар