Қазақстан • 13 Ақпан, 2019

Мәжіліс депутаты машина-трактор паркін жаңартуды ұсынды

128 реткөрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатиров Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдады.

«Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында атап өткендей, «біз әлемдегі ең ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз». Бұл әрине, машина-трактор паркін жаңартуды талап етеді. Отандық машина жасаушылардың деректеріне сай, 2018 жылы аталған сала бойынша көрсеткіштер оң нәтиже беріп отыр. Өткен жылы өсім шамамен 20%-ды құрады. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау шұғыл қолдау шараларын әзірлеуді қажет етіп отыр» деді К.Абсатиров.

Оның айтуынша, өткен жылы отандық ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілер 24 млрд теңге өнім өндірді. Бұл ретте оның импорты шамамен 100 млрд теңгені құрады.

«Мамандардың айтуынша, ескірген машиналардың едәуір тозуына қарамастан, салалық министрлік отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау ісін дамытуды аса маңызды деп білмейді. Шетелдік өндірушілердің техникаларын субсидиялауға бюджеттен 70 пайыз қаражат жұмсалады. Шетелдік бәсекелестерді қаржыландырмас бұрын, бөлінетін мемлекеттік қаражатты отандық өндірісті дамытуға толық мөлшерде жұмсау неғұрлым қисынды болар еді деп есептейміз» деді ол. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Бүгін, 10:33

Сипаты бөлек «сыпайылық»

Руханият • Бүгін, 10:07

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Ұқсас жаңалықтар