29 Наурыз, 2012

Бірлік барда ауыртпашылық қорқынышты емес – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері

336 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бірлік барда ауыртпашылық қорқынышты емес – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:58

Ақпанның ортасын ала басталған қарғын су Оңтүс­тік халқына үлкен әбігер әкелгендігі белгілі. Ең үл­кен қиындық Арыстың ете­гінде отырған Ордабасы ауданының орталығы – Те­мірланда болды. Су тасқы­нынан 937 үй зардап шекті. Облыстық жұмылдыру да­яр­­лығы, азаматтық қор­ға­ныс, апаттар мен дүлей зіл­за­лалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру бас­қармасы бастығының ор­ын­басары Көктембек Табылдиев осы үйлердің 661-і жарамды, 66-сы апатты жағ­дайда, 6-уы мүлде жарамайды дейді. Қарғын су ірге­тасынан асқан, қам кір­пі­шін­е су намы сіңген 121 үй де көмек қажет етеді.

 

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:58

Ақпанның ортасын ала басталған қарғын су Оңтүс­тік халқына үлкен әбігер әкелгендігі белгілі. Ең үл­кен қиындық Арыстың ете­гінде отырған Ордабасы ауданының орталығы – Те­мірланда болды. Су тасқы­нынан 937 үй зардап шекті. Облыстық жұмылдыру да­яр­­лығы, азаматтық қор­ға­ныс, апаттар мен дүлей зіл­за­лалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру бас­қармасы бастығының ор­ын­басары Көктембек Табылдиев осы үйлердің 661-і жарамды, 66-сы апатты жағ­дайда, 6-уы мүлде жарамайды дейді. Қарғын су ірге­тасынан асқан, қам кір­пі­шін­е су намы сіңген 121 үй де көмек қажет етеді.

Бүгінде бұл үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілген. Өз өте­ніне оралып, амалдап тұрып жатқандары да бар. Күн жы­лынғаннан кейін олар палаткаларға көшіріліп, жарамсыз үйлердің құрылысы басталады.

Оңтүстікте ауыр жағдай орын алғанда Елбасы Үкі­метке шұғыл тапсырма бе­ріп, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Ах­ме­тов облысқа арнайы келген. Топан су алған ауылдарды көріп, Шардара су қоймасы, Көксарай су рет­тегішіндегі қалыптасқан жағ­дайға қанығып, Елба­сыға баяндаған. Нұрсұлтан Әбішұлы үй-жайы суға ке­тіп, көңілі жүдеген халыққа басу айтып, мемлекет тарапынан көмек болатындығын жеткізді. Шетелдерде әдет­те барлық үйлер сақтанды­ру компаниялары арқылы сақтандырылады. Мемле­кет­тің апатты жағдайдағы міндеті – адам шығынына жол бермеу. Барлық күш осыған жұмылдырылады. Осыны ескерткен Елбасы барлық мәселені Үкіметтің мойнына артып қоюға бол­майтындығын айтты. Әлем­дік тәжірибеде бар үрдісті ешкім жоқ демейді.

Бірақ, қалай болғанда да, Үкімет те, қарапайым халық та апатқа ұшыраған жұрттың қатарға тез қо­сы­луына қолдан келер көмек­тің барлық түрін жасап жатыр. Осыдан бірер апта бұрын облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Ше­рімқұлов пен “ОҚО Аза­мат­тық альянс ассоциа­циясы­ның” төрайымы К.Әліпо­ва­ның мұрындық болуымен үндеу қабылданып, арнайы есеп-шот ашылған болатын. Оңтүстік жұрты қайырым­ды келеді. Су тасқынынан зардап шеккендерге керек жылы киім-кешектерді былай қойғанда, есеп-шот ашылған бір аптада түскен қаржы күніге 1 млн. теңгеге жуықтайды екен. Енді бұл әрекет республикалық қар­қын алды. Оның бір жар­қын дәлелі – Парламент депутаты Қуаныш Айтаханов­тың бастамасымен халық қалаулыларының бір күндік жалақыларын аударғаны.

Жақында Оңтүстікте “Қа­зақстандағы мемлекет­тік этносаясатты жүзеге асы­ру және этнокон­фессия­лық қатынастарды реттеу” тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өткен. Кон­ференцияға келген этномә­дени бірлестіктердің мүше­лері де Оңтүстіктегі қиын ахуалға өз үндерін қосып, азаматтық позициясын танытты. Олардың бірқатары апатқа байланысты құрыл­ған қоғамдық қор мүше­ле­рімен кездесуге келді. Об­лыстық кәсіподақ ұйымы­ның мәжіліс залында өткен басқосуда облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев Ассамблея мүшелеріне қар­ғынға байланысты Үкімет және облыс әкімдігі тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарды баяндап берді.

Қазақстан халқы Ассамбеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов: “Осындай қиын кездеріңізде жанда­ры­ңызға жалау, көңілдеріңізге демеу болайық деп арнайы келдік. Оңтүстіктегі қиын­шы­лықтарды жеңетін бір күш бар, ол – бірлік. Біз сіз­дермен біргеміз”, дей келіп, Ассамблея атынан Оңтүс­тікте ашылған есеп-шотқа 10 млн. теңге аударатын­дық­тарын айтты. “Ахыка” Қазақстан түріктері қоғамы­ның төрағасы Зиядин Қаса­нов: “Тағы да көмегіміз болады, әзірге үлесіміз”, деп 1 млн. теңгені комиссия төр­айымы К.Әліповаға қолма-қол табыстады. Қорға рес­публикалық ұйғыр этномә­дени бірлестігінің төрағасы Ахметжан Шардинов 7 млн. теңге, “Алматы” локомотив депосының бастығы Болат Мұсақожаев бір күндік жұ­мыс күні есебінен 5 млн. теңге аударуға уәде берді.

Жиын соңында облыс әкі­мінің орынбасары Әли Әб­дікерімұлы қиналғанда қол созған ағайынға Оңтүс­тік халқы атынан алғыс айтты.

Бақтияр ТАЙЖАН.

ШЫМКЕНТ.