Кино • 14 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстан көрермендері «Айканы» тамашалады

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше «Қазақстан» кинотеатрында режиссер Сергей  Дворцевойдың және жерлес актриса Самал Есләмованың  қатысуымен «Айка» кинофильмінің тұсаукесері өтті.

Солтүстік Қазақстан көрермендері «Айканы» тамашалады

Салтанатты шараның ашылуында сөйлеген сөзінде облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет Самал тума талантының арқасында аз ғана уақыттың ішінде талай халықаралық биік белестерді бағындырып үлгергенін, «Канн» кинофестивалінің бас жүлдегері атануының өзі еліміз үшін зор мәртебе екенін  ерекше атап өтті. Режиссер С. Дворцевойға аймақ басшысының Құрмет грамотасын тапсырды.

Өз кезегінде Сергей жұртшылықпен қазақ тілінде амандасып, жүрекжарды лебізін білдірді. Самалдың ата-анасына шексіз алғысын айтты.

«Оскардың» шорт тізіміне енген «Айка» фильмін тамашалаушылар кинотеатрға сыймай кетті. Картинадағы бас кейіпкерің шытырман оқиғаға, күйзеліске толы тағдырына ортақтасқан көрермендерді режисссердің де, Самалдың да шеберлігі керемет тәнті етті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы