14 Ақпан, 2019

Жеңімпаз болып оралды

699 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-8 жылдан бері аудан орталығында бірнеше спектакльді сахнаға шығарып, тәжірибе жинақтап, таныла түсуде. Осы Әнет Жұмабек басқаратын өнер және драма үйірмелерінің мүшелері «Кейкінің кегін» жоғары деңгейде облыс сахнасына шығарды.

Жеңімпаз болып оралды

Драма үйірмесінің аты «Дарын» деп аталады. Дарын десе – дарынға ылғи дарынды өнерпаздар іріктеліп алынған. Кейкі батыр рөлін - аудан орталығындағы Б.Қолдасбаев атындағы орта мектептің оқушысы Нағызхан Әли, батырдың зайыбы Ақжанның рөлін  - Қаракөз Жұмағалиева, Майлықтың рөлін Меңдібаев Ғибрат, солдаттардың рөлдерін – Әлібек Смағұлов, Әлнұр Әлім мен Иса Жандос сәтті орындап шықты. Қазылар алқасы барлық оқушы артистердің өнерлерін саралай келе 1-ші орынды Аманкелді аудандық «Шұғыла» оқушылар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығындағы «Дарын» үйірмесінің мүшелеріне берді. Сөйтіп, «Кейкінің кегі» жас өнерпаз оқушыларға елеулі жетістік сыйлады. Сонымен қатар жас маман, инфарматика пәні мұғалімі  Алтынай Серікбекқызы да сайысқа барып, жетістікке жетуге өз үлесін қосты. Оғанда алғысымыз шексіз.

Сондай-ақ, осы фестивальға қатысқан «Шұғыла» орталығының «Мереке» бишілер тобының ұжымы 3-ші орынды иеленіп қайтты.

Жеңімпаз атанған «Дарын» үйірмесінің өнерпаздарына облыстық білім басқармасының басшысы Құсайын Амангелдіұлы Кәкенов өзінің Алғыс хатын және бағалы сыйлық тапсырды. Ал «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры Ербол Қойшыбаевқа және үйірме жетекшілері Данагүл Бауыржанқызы мен Әнет Жұмабекке де Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.              

Әнет ЖҰМАБЕК,

Қостанай облысы, Амангелді ауданы