Қазіргі кезде Бейбіт Шүменов пен франциялық Арсен Гуламирян арасындағы бәсекені «Қай жерде өткіземіз?» деген сауалға байланысты үш вариант қарастырылуда. Олар: 15 сәуір – Монте-Карло, 30 сәуір – Астана және 13 мамыр – Нью-Йорк. Осы мәселеге байланысты ең соңғы шешімді таяу күндері қандасымыздың промоутері Дон Кинг қабылдап, жекпе-жектің өтетін жерін көпшілікке жария етеді.
Бейбіт бұған дейін де Қазақстанда бірнеше рет өнер көрсеткенін жанкүйерлер жақсы біледі. Шымкентте ол бес мәрте және Астанада екі рет күш сынасты. Өзінің соңғы бәсекесін қазақ боксшысы былтырғы жылдың шілде айында Елорда төрінде германиялық Хизни Алтынқайға қарсы өткізіп, айқын жеңіске қол жеткізген болатын.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»