Әрине, оған ең таңдануға болмайды. Лев Яшин КСРО құрамасы сапында Еуропа чемпионы, Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері, Олимпия ойындарының жеңімпазы атанды. Барлығы 74 рет жасыл алаңға шығып, өз қақпасына 70 гол жіберді.
Мәскеудің «Динамосының» қақпасын қорғаған жылдары 326 кездесу өткізіп, 252 гол жіберді. Өз командасымен бірге талай биік белестерді бағындырып, 11 рет Кеңес Одағының ең үздік қақпашысы атағын олжалады. Ал ең бастысы, 1963 жылы Яшин Еуропаның ең үздік футболшысына тиесілі «Алтын допты» иеленді. Жер жаһандағы өзге қақпашылардың бірде-біреуі күні бүгінге дейін дәл осындай атаққа қол жеткізген емес.
Әлемнің ең үздік қақпашылары аталмында Лев Яшиннен кейінгі орындарға Гордон Бэнкс (Англия), Дино Дзофф (Италия), Джанлуиджи Буффон (ПСЖ, Италия), Мануэль Нойер (Бавария, Германия), Петер Шмейхель (Дания), Зепп Майер (ФРГ), Икер Касильяс (Порту, Испания), Эдвин ван дер Сар (Нидерланды) және Питер Шилтон (Англия) сынды саңлақтар жайғасты.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»