Базардың ішкі жағдайы қазіргі бар базарлардан өзгешелігімен ерекшеленеді. Жалпы нысандағы сатушылар мен қызмет көрсетуші персоналдан бастап, өз зертханалары, сатылатын өнімге қойылатын бірыңғай СЭС стандарттары болады. «Жоба қала тұрғындарына тек қана сапалы және таңдаулы өнім ұсынатын жаңа бағыттағы базарды ұсынады» деп хабарлады «Астана» ӘКК.
Бірінші қабатта фермерлік нарық, наубайхана, дүңгіршектер, 7 кинозал орналасады. Екінші қабатта фастфуд, техника және электроника дүкендері, қызметтік және қойма бөлмелері болады деп жоспарлануда. Бұндай базарлар Лондон, Амстердам, Лиссабон, Барселона, Москва, Одесса сияқты бірқатар еуропалық қалада өте көп.
«Органикалық, фермерлік өнімдердің басым болуы, тұтынушылардың өнімді бірден өндірушілерден алуы базардың басты ерекшелігі. Сонымен қатар, базар аумағында үнемі әлеуметтік жәрмеңкелер, жергілікті шаруа қожалықтары мен фермерлердің қатысуымен өтетін фестивальдар ұйымдастыру мен өткізу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру арқылы шамамен 1500 жұмыс орны пайда болады» деп атап өтті «Астана» ӘКК. «Гастрономиялық нарық» жобасы Бейсекова және Ш.Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында - «Keruen Global» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асады. Базардың құрылысы 2019 жылдың екінші тоқсанына жоспарланды.