Қазақстан • 14 Ақпан, 2019

Қызылорда облысының әкімі мен Кәсіподақтар федерациясының төрағасы меморандумға қол қойды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.

Қызылорда облысының әкімі мен Кәсіподақтар федерациясының төрағасы меморандумға қол қойды

Кездесу барысында облыс әкімі еңбек қатынастары саласындағы мәселелер аймақта ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

«2018 жылы жүргізілген 290 жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 420 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды. Оларды жою жөнінде 230 нұсқама берілді және 92 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 77 әкімшілік айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесі бойынша 86 кәсіпорынның 1800-ден астам жұмыскеріне жалақы қарызы төленген. Облыс бойынша әлеуметтік шиеленістің алдын алу, штат санын қысқартпау және жұмыс орнын сақтау мақсатында қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ынтымақтастық туралы 2975 кәсіпорынмен меморандумдар жасалған», - деді аймақ басшысы.

Меморандум аясында тараптар бес әлеуметтік бастаманы қолдауға және жүзеге асыруға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізіп, Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын іске асырады. Бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін дамытуға ықпал етеді.