14 Ақпан, 2019

Астанада көпбалалы отбасыларға арналған чат-бот ашылды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімдігі көпбалалы отбасыларға арнап арнайы әзірленген чат-ботты іске қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада көпбалалы отбасыларға арналған чат-бот ашылды

«Енді мемлекеттік жәрдемақылар немесе әрбір жекелеген жағдай бойынша көмек түрі туралы, сондай-ақ, жұмысқа орналасуға немесе қысқа мерзімді курстарда білім алу үшін көрсетілетін қолдау туралы толық ақпаратты алу үшін чат-боттағы сауалнаманы толтыру қажет», – делінген қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

CRM жүйесі деректерді жаңартады. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталығының қызметкері қысқа мерзімде өтініш білдірушіге хабарласады. Бір сөзбен айтқанда, қолдануға ыңғайлы сандық байланыс уақытты да үнемдейді.