14 Ақпан, 2019

Қазақстан Орта Азия елдеріне спутниктік байланыс қызметтерін беруді жоспарлайды

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин 2018 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылға арналған міндеттер бойынша Министрліктің алқа отырысында мәлімдеді.

Қазақстан Орта Азия елдеріне спутниктік байланыс қызметтерін беруді жоспарлайды

«Бүгінгі күні республикамызда «KazSat-2» және «KazSat-3» спутниктерінен және жерүсті басқару кешендерінен тұратын жеке ғарыштық байланыс жүйесі бар. 2023 жылы «KazSat-2» спутнигін пайдалану аяқталады және оны ауыстыру үшін «KazSat-2R» ғарыш аппаратын пайдалануға беру жоспарлануда», - деп хабарлады Вице-министр.

Оның айтуынша, «KazSat-2R» жобасының міндеті «KazSat-2» спутнигі арқылы жұмыс істейтін қолданыстағы байланыс желілерін қолдау және Орталық Азия елдеріне спутниктік байланыс қызметтерін экспортқа шығару болып табылады.

Бүгінде телекоммуникациялық спутниктер саласында шетелдік өндірушілермен келіссөздер жүргізілуде, «KazSat-2R» ғарыш аппаратын құру үшін бас мердігерді таңдау конкурстық рәсімдер қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта бұл жоба қаржы-экономикалық сараптамасын әзірлеу мен сараптамадан өту сатысында.

Айта кету керек, «KazSat» ғарыш жүйесі спутниктерінің жұмысының арқасында 14 байланыс операторларына қызмет көрсетіледі, цифрлық телерадио хабарларын таратуды (HD, DTH, IPTV, OTAU TV) ұйымдастыру, Интернет желісіне кең жолақты қатынау және Қазақстанның барлық аумағы бойынша деректерді беру жүзеге асырылады.

М. Нұрғожин Ғарыштық байланыс жүйесінен басқа, Қазақстан «KazEOSat» (ЖҚЗ) Жерді қашықтықтан зондтаудың екі спутнигі және және 2018 жылғы 4 желтоқсанда Falcon-9 зымыран тасығышында ұшырылған «KazStSat» және «KazSciSat» ғылыми-технологиялық мақсаттағы екі спутнигі бар екенін хабарлады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ғарыш жүйелерін пайдаланудан түскен кірістер 2017 жылмен салыстырғанда 25% - ға өсті (6,5 млрд. теңгеден 8,9 млрд. теңгеге дейін).