Әлем • 14 Ақпан, 2019

Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл

2916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Шараға Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди, Ұлттық Ұлан өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері қатысты. 

Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл

1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысқан. Ал қазіргі таңда Қазақстан полициясы мен Ұлттық Ұланның қатарында Ауған соғысында болған 40-тан астам қызметкер жұмыс істейді, сондай-ақ Ауған соғысына қатысқан 700-ден астам запастағы офицер бар.

Салтанатты жиында Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Ауған территориясында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті орнатуға қатысқан интернационалист-жауынгерлерді, яғни ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның қызметкерлері және ардагерлерін марапаттады. Сондай-ақ, ол ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен отбасылық береке тіледі.

қатар, шара барысында министрлік мұражайы қорынан атаулы мерекеге орай фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеге полицияда, Ұлттық Ұланда, құтқару қызметі мен қылмыстық атқару жүйесінде еңбек еткен Ауған соғысы жауынгерлерінің әскери өмірлері мен ерлік істері туралы фото суреттер қойылды.

Іс-шара министрліктің Мәдени орталығы даярлаған мерекелік концертпен аяқталды, онда Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлерінің ерліктері туралы әндер шырқалды.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»