«Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. 20 жылдық бай тәжірибесі бар патияның бүгінгі цифрлы қоғамда да іс-қимылы табысты болады. Біз азаматтардың, қоғамның мүддесін алға тартамыз» деді Архимед Бегежанұлы.
Партияның көшбасшылығы оның халықпен, қоғаммен бірге болуына тікелей байланысты.
«Азаматтардың арыз-шығымын, өтінішін жедел сезіну, олардың жанынан табылу – біздің бірінші міндетіміз. Республиканың барлық аймағында партияның қоғамдық қабылдаулары құрылған, ол арқылы азаматтардың өмірлік мәселелері, түрлі проблемалары тығырықтан жол тапқандай шешіліп жатады» деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдыбай Бисембаев.
Конференцияда өңір басшысы нұротандықтарды Қостанай қаласының 140 жылдығын шынайы істермен қарсы алуға шақырды. Ол үшін жүз шақты кәсіпкерді жинаған басқосуда кімнің қандай істі қолға алатыны белгілі болады. Бір кәсіпкер үй салар, екіншісі көп балалы отбасына көмек берер, тағы бірі ескі үйлерді жөндер. Кәсіпкерлердің нақты ісі ғана мерекеге қомақты үлес болып қосылады.
Конференция соңында партия ісінде лайықты еңбегі барлар аталып, марапатталды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай