19 Сәуір, 2012

Жалындаған жас қайрат

482 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жалындаған жас қайрат

Бейсенбі, 19 сәуір 2012 8:11

«Болашақ бүгіннен басталады» атты жалпырес­пуб­­ли­калық акция аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­­тық университетінде сенбілік өтті. Аумағы 70 гектардан асатын университеттік кампус аймағын тазарту және жинау жұмысына аталмыш оқу орнының бас­шы­лығы, оқытушылар құрамы мен студенттер, қыз­мет­керлер – барлығы 17 мыңнан астам адам қатысты.

 

Бейсенбі, 19 сәуір 2012 8:11

«Болашақ бүгіннен басталады» атты жалпырес­пуб­­ли­калық акция аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­­тық университетінде сенбілік өтті. Аумағы 70 гектардан асатын университеттік кампус аймағын тазарту және жинау жұмысына аталмыш оқу орнының бас­шы­лығы, оқытушылар құрамы мен студенттер, қыз­мет­керлер – барлығы 17 мыңнан астам адам қатысты.

Сенбілікке қатысушылар оқу корпусы мен жатақханалар ма­ңын арам шөптерден тазартып, ағаштарды әктеді, гүлдер, жас шыбықтар отырғыз­ды, қоқыс­тарды арнайы техника көме­гі­мен қоқыс алаңына жө­нелтті. Сен­­білік ұйымдасқан түр­де және өте жағымды көңіл күйде өткізілді.

ҚазҰУ студенттері, универ­си­теттің жастар ұйымдары ко­­ми­теті еліміздің Жастар кон­гре­сі бастамасына үн қосып, «Бо­лашақ бүгіннен басталады» акциясына қолдау танытып отыр. Қолдау шарасы аясында ҚазҰУ Студенттер сенаты саламатты өмір салтын насихаттау жолында жастарды дене шынық­тыр­у­мен айналысуға және спортқа тарту мақсатында шағын фут­бол­дан студенттік топтар арасында қала­лық турнир өткізуді бастап кетті.

Бұдан басқа, университеттің «Көмек» студенттік волонтерлар ұйымы қайырымдылық жәрмең­ке­сін өткізіп, онда мүгедек балалардың жасаған қолөнер бұйымдары қойылды.

Жәрмеңкеден түскен қар­жы­ны Қаскелеңдегі балалар үйіне, қалалық интернатта тәрбиелену­шілерге, «SOS» балалар ауылына табыстайтын болады.

Қазіргі кезде жастарды ос­ын­­дай жұмыстардың барынша көп болғаны мемлекет үшін де, жас­­­тардың өздері үшін де керек. Өйткені, мұндай еңбекке баулып, қоршаған ортаны қор­ғауға үндейтін шаралар жастарды бо­лашақта ортақ істерге бірікті­ре­тіні сөзсіз. Бүгінде мемлекет тарапынан жастарға қол­дау көр­сетіліп отырғаны белгілі. Сон­дықтан, жастар сенбілік си­яқты тәрбиелік жұмыстар ар­қы­лы «мен елімнен не аламын» деп емес, «мен еліме не беремін» деген оймен Отанымызға қызмет етулері керек. Ал мемлекеттің жастарға қолдау-көмегіне келсек, мәселен Алматы қаласында жыл сайын жастарды жұмыспен және бас­па­намен қамтамасыз ету мә­се­­­лесі көтерілетінін, мем­лекет­тік бағ­дарламалар бойынша олар­ды жұ­мыспен және жа­тақ­ханамен қам­ту мәселесі ше­шіліп жатқа­нын, соның бір дә­лелі ретінде «Алатау» ауданында жаңадан студент-жастарға арналып жа­тақха­на­лардың салынатынын айта кеткен жөн. Осыған байланысты қа­лалық Жастар саясаты басқарма­сының бастығы Бақ­тияр Мәкен Алматыда жасалып жат­қан жұ­мыстар басқа облыстарда да жүргізілсе деген ниетін білдірді.

Жалпы, бүгінде елімізде 16 мен 29 жас аралығындағы 4,5 млн. жас тұрады екен. Қазақ­стан жастар Конгресінің атқа­рушы директоры Шахмардан Байма­нов­тың айтуынша, осы күндері студенттерді жатақха­намен, жас отбасыларды бас­панамен қамта­масыз ету, оқу орындарына түсу үшін гранттарды көбейту, оқу бітірген түлектерді жұмыспен қамта­ма­сыз ету, жастардың ғы­лыммен айналысуына кең мүм­кіндік беру, дене тәрбиесі және спорт­пен айналысуына жағдай жасау сияқты көкейкесті мәсе­ле­лер көтерілуде.

Қанат ЕСКЕНДІР,

Алматы.