«Соңғы уақытта аудандық әкімдіктер мен салалық басқармалар азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қаламен ерекше мұқтаж отбасылардың деректер базасы жасалды, олардың әрқайсысының портретін түсінеміз, нақты қажеттіліктер мен проблемаларды көріп отырмыз. Бірінші кезеңде азық-түлік, көмір, мектеп керек-жарақтарымен қамтылып, ақпараттық-түсіндіру кеңестері өткізілді. Демеушілер мен еріктілер тарапынан аудан әкімдіктерінің «уақытша тұрақ» деп аталатын және жекеменшік үй құрылыстарында газ талдағыштарды орнату жөніндегі бастамасымен үлкен қолдау көрсетілді. Әрбір отбасын қолдау бойынша жеке шаралар жоспары әзірленді», – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.
Азаматтарды қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің бірегейі – тұрғын үйдің қолжетімділігі. «Асқар Кемеңгерұлы, сізге тозығы жеткен және авариялық тұрғын үйлерді бұзу және үлескерлерге көмек көрсету үшін құрылған институттарды біріктіру есебінен қосымша ресурстар іздестіруді тапсырамын (анықтама ретінде: «Елорда Даму» ЖШС – «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен авариялық тұрғын үйлерді бұзу жобасы шеңберінде жобаларды іске асырады, «Елорда құрылыс» ЖШС – проблемалы нысандардың құрылысын аяқтауды ұйымдастырумен айналысады, сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысына қатысады). Осы екі бағыт бойынша мысалға келтіре отырып, бюджет қаражатын тауып, шет аймақтарды төтенше және апатты үйлерді бұзу бағдарламасына қосу керек. Мүмкін, Астананың шетінде орналасқан қазіргі жөндеу бағдарламасына қосымша жасау арқылы. Біз аз қамтылған және әсіресе аз қамтылған отбасыларды, соның ішінде көмекке мұқтаж отбасыларды муниципалдық тұрғын үймен қамтамасыз етуіміз керек», – деді қала әкімі. «Сонымен бірге, біз халықтың әлеуметтік осал топтары үшін муниципалдық жалға берілетін тұрғын үйге қолжетімділік мәселесі өткір тұрғанын түсінеміз. Азаматтардың табысы пәтер алуға несие алу үшін жеткіліксіз. Сондықтан да біз бүгін қалалықтардың уақытша тқрақтар, жатақханалар немесе заңсыз құрылыстарда тұрып, 15-20 мың теңгелік тұратын көріністі көреміз».
Әкім «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қиындықтарға тап болған әрбір отбасыға әлеуметтік қолдау мен атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар, ол қалалықтардың төлем қабілеттілігін арттыру қажеттігіне баса назар аударды.
«Малика Ерланқызы, көпбалалы отбасы мүшелерін жоғары ақы төленетін жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Білімі жеткіліксіз болған жағдайда, біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ қолда бар ақпараттың негізінде көмек көрсету үшін ресурстарды жұмылдыру алгоритмін жасауды тапсырамын. Тұрғын үй сертификаттарын тапсыру мүмкіндігін қоса алғанда», – деді Бақыт Сұлтанов. Аудан әкімдеріне әкімдік басқармаларының басшыларымен бірге қала басшысы бұрын жарияланған «Ашық есік апталығы» аясында азаматтармен жеке кездесулерді жалғастыруды тапсырды. «Көпбалалы отбасылар мен басқа да азаматтар айтқан барлық өтінімдер мен өтініштерді жедел жүйелеу, талдау және жұмыс тобының қарауына Үкіметке жолдау қажет», – деп мәлімдеді әкім. Анықтама: соңғы мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда Астанада 4 және одан да көпбала тәрбиелеп отырған 10095 отбасы тұрады.