Плей-офф сайысында Португалияны ұтып, Дэвис кубогының негізгі жарысында күш сынасу құрметіне ие болған Қазақстан құрамасы «Е» тобына түсті. Қарсыластарымыз – Ұлыбритания мен Голландия теннисшілері. Ал өзге топтарда мында командалар өара шеберлік байқасады:
А тобы: Франция, Сербия, Жапония;
B тобы: Хорватия, Испания, Ресей;
С тобы: Аргентина, Германия, Чили;
D тобы: Бельгия, Австралия, Колумбия;
F тобы: АҚШ, Италия, Канада.
Топтық турнирде әр команда екі кездесуден өткізеді. Бірінші орынды олжалағандар және екінші орын алғандар арасында ең үздік нәтижеге қол жеткізген қос команда ширек финалға шығады. Одан кейін жартылай финал және бас жүлде үшін бәсеке.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»