«Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шара аясында заң тақырыптары бойынша мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында дәрістер жүргізіледі, қылмыстық және әкімшілік кодекстердің нормаларын түсіндіреді, сондай-ақ, жол және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үйрету сабақтары өткізіледі. Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында тіркелген кәмелетке толмағандарды тексеру, жалдамалы пәтерде тұратын колледж студенттерінің тұрмыс жағдайларын тексеру, кәмелетке толмаған балалары бар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы тұрмыстық жағдайларын тексеру жүргізілуде», - деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.
Алматыдағы әртараптандырылған колледжде ПД-нің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, азаматтық және қызметтік қару-жарақ айналымын бақылау бөлімі «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, оның ішінде қару-жарақты қолданудың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. «Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың зияны туралы» тақырыптық бейнематериалдар көрсетілді. Кездесу барысында студенттерді қызықтырған сұрақтарға полиция қызметкерлері жауап берді. Жасөспірімдер қару түрлерімен танысты – газ, пневматикалық және т.б., сондай-ақ, қаруды заңсыз сақтау және пайдаланудың жауапкершілігі туралы хабардар болды.
«Науқынның 4 күнінде 236 тұрмысы төмен отбасылар, ішкі істер органдарында тіркелген 195 жасөспірімнің тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді. Тексеру барысында олардың тұрмыс жағдайы зерттелді, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы ескертілді. Сонымен қатар, 28 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен 19 кәмелеттік жасқа толмағандар анықталды және ішкі істер органдарына тіркелді. Бұдан басқа, білім беру мекемелерімен бірлесіп қалалық колледждерде оқып жатқан және жалға берілетін пәтерлерде тұратын 115 кәмелеттік жасқа толмаған балалардың тұрмыс жағдайы зерттелді, сабақтан тыс уақытта жұмысқа орналасты. Олармен заң үстемдігі туралы алдын-алу сұхбаты жүргізілді», - деп өз сөзін толықтырды полковник Әліпбаева.