26 Сәуір, 2012

Туған жерді түлету – әркімнің азаматтық парызы

384 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Туған жерді түлету – әркімнің азаматтық парызы

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 7:17

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жыл ба­сында өңірдің әлеуметтік мә­селелерін шешудің соны жол­дарын іздестіру қажет­ті­гін алға тарта келіп, осыған бай­ланысты өз ісін ашып, жағ­дайын түзеген, әр жерде жүр­ген қаржылы кәсіпкер­лер­ді, қалталы азаматтарды өзде­рі өскен ауылдарға қолдау көр­сетуге шақырды. Осылай 2012-2015 жылдарға арналған «Көркейе бер, туған жер» об­лыстық акциясы өмірге жолдама алған болатын.

 

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 7:17

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жыл ба­сында өңірдің әлеуметтік мә­селелерін шешудің соны жол­дарын іздестіру қажет­ті­гін алға тарта келіп, осыған бай­ланысты өз ісін ашып, жағ­дайын түзеген, әр жерде жүр­ген қаржылы кәсіпкер­лер­ді, қалталы азаматтарды өзде­рі өскен ауылдарға қолдау көр­сетуге шақырды. Осылай 2012-2015 жылдарға арналған «Көркейе бер, туған жер» об­лыстық акциясы өмірге жолдама алған болатын.

Игі бастама халықтан кең қолдау тапты. Бастама көте­ріл­ген бойда Шалқар ауда­ны­ның іскер азаматтары басқо­сып, өздері туып-өскен туған ауылдарында әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға және жаңадан салуға үлес қоса­тын­дықтарын білдіріп, ұйым­шыл­дықтың үлгісін танытты. «Көркейе бер, туған жер» акциясын өткізу бастамасын іле-шала Мұғалжар, Ырғыз аудандары да қолдай жөнелді. Қалған аудандарда осы ба­ғытта жұмыстар жүргізуде.

Жақында акцияны қолдау­ға байланысты Алға ауданы әкім­дігі ұйытқы болған ұла­ғат­ты шараға қатысудың сәті түсті. Ғазиза Жұбанова атын­да­ғы облыстық филармонияда өткен бұл шараға осы өңір­ден түлеген іскер азаматтар мен қаржылы кәсіпкерлер ша­қырылыпты. Әуелі жинал­ған­дар­ға ауданның тәуелсіздік ал­ған кездегі және бүгінгі эко­номикалық-әлеуметтік жағ­дайы салыстырыла баяндалатын бейнефильм көрсе­тіл­ді. Содан кейін басталған аудан көркемөнерпаздары концертінің шымылдығы Ахмет Жұбановтың «Би күйі» және Құрманғазы баба­мыз­дың «Адай» күйлерімен ашылды.

Сахнаға көтерілген аудан әкімі Айбек Сағиев жерлесте­ріне жылы лебізін, салмақты сөзін арнады. Ол ауыл – әр­кімнің алтын бесігі, туған жер тұғыры екеніне тоқтала ке­ліп, «көп көтерген жүк же­ңіл» болатынын жеткізді. Сон­дықтан, осы өңірден тү­леп-ұшқан кәсіпкерлер мен басшылық қызметте жүрген азаматтарды «Көркейе бер, туған жер» акциясына бір кі­сідей ұйымшылдықпен қаты­суға үндеді. Сіздердің қолдау-көмектеріңізбен ауылдардағы әлеуметтік нысандарды жаң­ғырту мен жаңадан салудың қыруар шаруаларын бірлесіп, иықтаса жүріп атқараты­ны­мызға сенімдімін, деп қорыт­ты ойын аудан басшысы.

Іскер азаматтардың арасынан сөз алған «Рейімқұл» ЖШС-нің директоры Самат Қалдығұлов бұл акцияны ата­қоныс, туған жерді көркей­тудің үш жылдық бағдарла­масы ретінде бағалай келіп, кесімді ой, кесек тұжырымын мәлім етті. Ол өзі туып-өскен Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылына жалпы алаңы 420 шаршы метр Мәдениет үйін және аумағы 1 гектар саябақ салып беремін дегенде залдағылар ду қол соғып, қошемет көр­сетті.

Фойеге қойылған ұсыныс­тар кітабына «Көркейе бер, туған жер» акциясын қол­дауға және оны өткізуге байланысты осы шараға қатыс­қан алғалық іскер азаматтар мен қалталы кәсіпкерлер өз ой-пікірлерін қалдырып жатты.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ.

Ақтөбе облысы.