Аймақтар • 15 Ақпан, 2019

Қызылордада ет комбинаты салынады

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қызылордада күніне 200 мүйізді ірі қара мен мың бас уақ мал союға қуаты жететін ет комбинаты салынады.

Қызылордада ет комбинаты салынады

- Тек, соңғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 27 пайызға өсті. Оның 97 пайызы - өңделген өнімге тиесілі. Алға қойған міндетіміз - шикізат өңдеуді қамтамасыз ету және сыртқы нарыққа сапалы дайын өнім шығару. Облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі экспортқа шығатын өнімдердің тізімі тек соңғы 6 жылда 15-ке жетті. Бұл біздің мүмкіндігіміздің шегі емес, облыстың экспорттық әлеуеті өте ауқымды, - деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

2016 жылы көп жылдардан бері алғаш рет бақша өнімдерін экспорттау ісі жаңғырды. 2017 жылы Біріккен Араб Әмірлігіне, Иран, Моңғолия және Өзбекстанға көкөніс пен мал экспорттала бастады. Ал, 2018 жылы Қытайға алғаш рет мақсары майы жөнелтілді.

2017 жылы облыс шаруалары экспортқа 2,2 мың қой жөнелтті. 2018 жылы бұл көрсеткіш 4 есеге артып, 8191 бас мал Ресей Федерациясы мен Иранға жөнелтілді. Сонымен қатар, жергілікті шаруалар алғаш рет ірі қара малды сою арқылы экспорттай бастады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

 Қызылорда облысы