Әлем • 15 Ақпан, 2019

Үндістандағы лаңкестік әрекеттен 40-тан астам адам қаза тапты

715 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның солтүстігінде орналасқан Джамму мен Кашмир штатында 40-тан астам полиция күштерінің әскери резервшілері қаза тапты.

Үндістандағы лаңкестік әрекеттен 40-тан астам адам қаза тапты

Лаңкестік әрекет Сринагар-Джамму тас жолында болған. Қылмыскерлер жол шетіне бомба жасырып, көліктердің бірі соған түсіп жарылған. Шабуылды «Джаиш-е-Мухаммад» лаңкестік тобы мойынына алды.

Үндістанның Джамму және Кашмир штатында ондаған бүлікші топ әрекет етеді. Олар осы аймақтың Үндістаннан бөлініп, Пәкістанға қосылуын қалайды. Ал Кашмирде екі мемлекет арасында шекара жоқ. Ол тек бақылау сызығымен бөлінген.



Бұл «Джаиш-е-Мухаммад» тобының алғашқы шабуылы емес. 18 жыл бұрын олардың ұйымдастыруымен үнді Парламентінде атыс болған еді. Ол кезде 12 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды.