Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Жетісу шаруалары 497, 5 млн теңге «Сыбаға» алды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Алматы облысының мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтарына 497,5 млн теңге несие берілген.

Жетісу шаруалары 497, 5 млн теңге «Сыбаға» алды

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген арзан несиені 14 шаруа қожалығы алып, бұл қаржы 1317 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алуға жұмсалған екен.

Ауыл шаруашлығын қаржылай қолдау қоры жүзеге асыратын «Сыбаға» бағдарламасының бір саласы мүйізді ірі қара малының басын көбейтіп, экспортқа ет шығару мақсатында шетелден асыл тұқымды мал сатып алуды қаржыландыру болса, екінші бағыты ішкі нарықтағы қой мен ешкі малының санын көбейтуді көздейді. Былтыр бұл мақсатта облыс малшылары 383,2 млн теңгеге қой мен ешкі сатып алып, 12113 бас уақ жандық қыстамаға кірген.  

Жалпы, Ауыл шаруашылығын қолдау қоры бойынша берілетін несие тек мал сатып алуға ғана емес, агробизнес саласында қызмет көрсететін нысандарды да қаржыландырады. Мәселен, «Кәсіпкер» бағдарламасы шаруашылыққа қызмет көрсету, өнім алу мен сауда – саттық сияқты жұмыс түрін субсидиялайды. Былтыр осы «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында жетісулық 103 кәсіпкер 763,3 млн теңге несие алып, кәсібін дөңгелетіпті.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы