Аймақтар • 19 Ақпан, 2019

Қарағанды облысында улы газ хабаршылары қойыла бастады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастамасы бойынша аз қамтылған отбасылардың жер үйлеріне улы газ хабаршылары  (датчиктер) тегін орнатыла бастады. 

Қарағанды облысында улы газ хабаршылары қойыла бастады

Әзірге 40 үйге хабаршы қойылды. Бұл құрылғыларды сатып алуға Қызыл жарты ай қоғамдық бірлестігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қол ұшын берген. ТЖ департаментіндегілер хабарлағандай, улы газ хабаршысын сатып алуға меценаттарды жұмылдыру ісі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

– Бұл датчиктер ауада улы газ таралса, дыбыстық сигнал бере бастайды. Олар тек жеке үйлердің тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар көпқабатты үйлерде тұратын адамдар үшін де пайдалы, – дейді ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.

 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды