Бүгін Халықаралық эпизоотиялық бюро шошқаның африкалық обасы бойынша таза елдердің жаңартылған тізімін жариялады. Қазақстан тізімге шошқаның африкалық обасынан таза ел ретінде кірді.
Бұл мәртебені алу тірі шошқаны, сондай-ақ шошқа өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.Шошқа еті Ресей мен Қытай нарықтарында сұранысқа ие.
Бұл мәртебе біздің агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсер етеді.