Аймақтар • 19 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстанда жер инспекциясының басшысы тағайындалды

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Бейбітбек Шыңдалыұлы Жайлыбаев  жер инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстанда жер инспекциясының басшысы тағайындалды

Б. Жайлыбаев1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтын, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін зооинженер, экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысындағы қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл шаруашылығы ұйымдарында қызмет еткен. 2005-2015 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

 2016 жылдан осы күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болған.

 Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы