Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі

389 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі

«Қазақстан барлық аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, республиканың оңтүстігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.

Астанада құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашынды (көбіне қар жауады). Кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз 0 шамасында. 

Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +4+6. 

Шымкентте күндіз және түнде қар аралас жаңбыр жауады, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде -1+1.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -4+1, түнде -5-10.

Ақмола облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с дейін жетеді, екпіні 25 м/с. Күндіз -3+2, түнде -5-10.

Қостанай облысында күндіз және түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.

Қарағанды облысында жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -5-10. 

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, жаяу бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ, 15-22 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз -3+2, түнде -7-12.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ, 15-23 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз және түнде -2-7.

Алматы облысында түнде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +2+7, түнде -1-6. 

Жамбыл облысында түнде аздаған қар жауады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде 0-5.

Павлодар облысында жауын-шашынды, күндіз кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -5-10.

Түркістан облысында жауын-шашын күтіледі, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +7+12, түнде -1+4. 

Қызылорда облысында жауын-шашынды, кей жерлерде – қатты. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Күндіз 0+5, түнде -3+2.

Маңғыстау облысында қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ, 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде 0-5. 

Атырау облысында қар жауады деп күтілуде, жаяу бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ, 15-22 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде –3-8.

Ақтөбе облысында қар жауады, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ, 15-22 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -2-7.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау маңы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қызылорда облысының маңындағы Сырдария өзенінде мұз қату үрдісі ары қарай әлсірейді, су деңгейі құбылады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.