Үкімет • 19 Ақпан, 2019

Д.Абаев: Цифрлық технологияны қолдану қарқыны өсті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында баяндама жасаған Дәурен Абаевтың айтуынша, 2018 жылы 20 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған. Сол жоспарға сай жұмыстар толық орындалып, қаржының 99,8% игерілген.

Д.Абаев: Цифрлық технологияны қолдану қарқыны өсті

«Экономика салаларын цифрландыру» бағыты бойынша отын-энергетикалық және тау-кен металлургиялық кешендерінде 4.0 Индустриясы элементтерін қолдану арқылы:   

  • еңбек өнімділігі орташа есеппен 10%-ға артқан,   
  • жекелеген өндірістерде электр қуаты 33%-ға дейін үнемделген,   
  • жабдықтарды пайдалану коэффиценті   50%-ға ұлғайған. 

Пайдалы қазбалары бар 7 ірі кен орнына «Интеллектуалды кен орны» және «Цифрлық бұлақ» жобалары енгізілген.

Атап айтар болсақ, «Ембімұнайгаз» АҚ УАЗ шоғырында мұнай өндіруді 773 тоннаға арттыруға мүмкіндік пайда болып, ал электр қуаты 33%-ға үнемделген.   

Министрдің айтуы бойынша, 2019 жылы осындай жүйе бойынша жұмыс жасайтын нысандар санын 12 бірлікке жеткізу жоспарланған.     

Тау-кен өнеркәсібінде 102 кәсіпорын «айқын» өндіріс деңгейіне ауыстырылған. Бұл барлық өндіріс деректерін цифрландыруға және ақпараттық ағынды басқаруға жол ашады екен.

Бүгінгі күні 4 жоба пайдалануға берілген. Аталған кәсіпорындарда цифрлық технологияларды қолдану есебінен өнімділік 10%-ға артып, еңбек шығындары 30%-ға дейін және өндірістік шығындар 10%-ға дейін төмендеген. 

Естеріңізге сала кетсек, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы негізгі 5 бағыттан және 17 бастамадан және 120 іс-шарадан тұрады.