Жоба бойынша жоспарланған 46 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының 12-сі енгізіліп қойған. Сондай-ақ жол активтерін басқару жүйесі іске қосылған. Оның аясында 16 жылжымалы жол зертханасы өз жұмысын бастады.
«Бұл жүйе жолға жұмсалатын шығындарды жоспарлауға және жөндеу жұмыстарында сапаны мониторингтеу кезінде ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді.
2019 жылы республикалық деңгейдегі 24 мың шақырымды құрайтын автожолдарды зерттеу мақсатында - 31 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын енгізу жоспарланып отыр» деді Д.Абаев.
Ал «Интеллектуалды көлік жүйесі» жобасын енгізудің нәтежиесінде 2018 жылы 279 жұмыс орындары құрылды. 2025-ші жылға дейін қосымша 1,5 мыңнан аса жұмыс орындарын құру көзделген.
Қолдағы деректер бойынша көлікті және логистиканы цифрландырудың экономикалық пайдасы 2018 жылы 7,6 миллиард теңгені құрап отыр.