Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Жеңіс Қасымбек: Е-QURYLYS бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізіледі

255 реткөрсетілді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты.

«E-SHANYRAQ жобасын іске асыру аясында 2018 жылдың соңында пилоттық режимде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде жүйеге 5217 көппәтерлі тұрғын үйдің электронды техникалық паспорты енгізілді және 5767 түрлі есептеу құралдары қосылды. Пилоттық көппәтерлі 166 тұрғын үйдің 58-і жалпыүйлік есептеу приборларымен жабдықталды және есептік ақпаратты жүйеге жолдайды», деді Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, жылудың төлемі 41%-ке төмендеген. Желтоқсан айында 58 көппәтерлі тұрғын үйдің орташа экономикалық тиімділігі 11 млн теңгеден асты. Ал, жылыту маусымының соңында 44 млн теңге үнемделеді деп күтілуде.

Айта кету керек, жүйе блокчейн режимінде нысан құрылысы басталғаннан аяқталғанға дейінгі барлық процесті бақылауға мүмкіндік береді. Сынақ пилоттық режимде Астана қаласындағы нақты бір нысандарда басталды.

Бақылау және қадағалау органдары күнделікті қашықтық режимінде камеральді бақылау жасай алады және жазбаша түрде ескерту бере алады. Егер қажет болған жағдайда бұл жүйе Төтенше жағдайлар (өрт қызметі), Санитарлық эпидемиологиялық қызмет және Еңбек инспекциясы органдарын да қоса алады.

Соңғы жаңалықтар

Сенат Бюросының отырысы өтті

Парламент • Бүгін, 16:53

Бейбіт күндегі қазаға кім кінәлі?

Қазақстан • Бүгін, 16:30

Тірі малды сату - тиімсіз

Аймақтар • Бүгін, 12:25

Ұлы Абай мұрасы Кереку елінде

Руханият • Бүгін, 10:23

Абайды тану – асыл парыз

Руханият • Бүгін, 09:21

Ұлағат ұққан ұшпаққа шығады

Аймақтар • Бүгін, 08:28

Ұқсас жаңалықтар