Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Балалар үйіне Kinder-дің өзі келді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кішкентай күнімізде көпшілігіміз балмұздақ сатушы болуды армандайтыны сияқты, шоколадты жақсы көрмейтін бала бар ма?!

Балалар үйіне Kinder-дің өзі келді

Егер қыздың аязды күндері уақытты мұз айдынында, ыстық шай ішіп және жан жылытатын ізгі оқиғалардың ортасынан табылғанға не жетсін?!

Біз үшін сәбилерге үлкен қуаныш сыйлайтын кішігірім бастамалардың барлығы да маңызды.

Kinder брендімен Ferrero өнімдерін шығаратын италиялық компания «Ақсай Айс Арена» компаниясы мен Алматы қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауына сүйеніп, «Жанұя» және Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бірқатар қуанышты сәттер сыйлады. Сондай-ақ қыстың соңғы күндерінде балалар Алматыдағы Тұңғыш Президент Саябағында серуендеп, коньки теуіп, қызықты өткізді.

Мейірімді істер бастамасын көптеген блогерлер мұз айдынына келіп, балалармен бірге уақыт өткізіп, балалықтың дәмін қайта сезінді. Бұған қоса әр балаға пайдалы және дамытатын Kinder ойыншықтары берілді.

Аталмыш бренд мұндай қайырымдылық шарасын алғаш рет өткізіп отырған жоқ. Жыл сайын бренд әлемнің түрлі елінде көптеген әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді.

Шоколад өндіру ісінде компания отбасы, өнімнің жоғары сапасы мен инновацияларды өзінің басты құндылығы деп есептейді.

Болашақта бренд қайырымды істер дәстүрін әрі қарай жалғастырып, балаларға әлі де талай мереке сыйлайды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ