Электронды сауда субъектілеріне қатысты заңдық тұрғыда салық жеңілдіктері қарастырылған. Бұл жеңілдіктерді е-коммерцияның 331 жаңа субъектісі пайдаланып үлгеріпті.
«Қазір ақшасыз, ұялы телефон арқылы қолма-қол есептесу әлемдік трендтің бірі. Мәселен 2018 жылдың қараша айының соңында еліміздегі 6 банк пилоттық режимде осы сервиске қосылды. Сервистік қолдау көрсету және электрондық сауданы дамыту мақсатында Қазпоштаның базасында 3 фулфилмент орталығы ашылды» деді Д.Абаев.
Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында 1 миллионнан астам тапсырыс өңделген.
Қабылданған шаралар Қазақстан бойынша пошта арқылы тасымалданатын заттарды жеткізу мерзімін 3 күннен 1 күнге дейін, ал халықаралық тасымалдау мерзімін 25 күннен 15 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.