12 Мамыр, 2012

Қазақстаннан үйренеріміз бар – дейді Қырғызстан халқы Ассамблеясы кеңесінің төрағасы

452 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстаннан үйренеріміз бар – дейді Қырғызстан халқы Ассамблеясы кеңесінің төрағасы

Сенбі, 12 мамыр 2012 8:05

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық саланы зерттеу жөніндегі орталығында Қазақстан халқы Ассам­блеясы атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ас­самблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесі мүшелері, акаде­мия­ның магистранттары Қырғыз Республикасының Президенті Алмаз­бек Атамбаевтың елімізге ресми сапары аясында Астанаға келген делегация­сының құрамындағы Қырғызстан халқы Ассамблеясы кеңесінің төрағасы, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Бектемір Мурзубраимовпен кездесті.

 

Сенбі, 12 мамыр 2012 8:05

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық саланы зерттеу жөніндегі орталығында Қазақстан халқы Ассам­блеясы атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ас­самблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесі мүшелері, акаде­мия­ның магистранттары Қырғыз Республикасының Президенті Алмаз­бек Атамбаевтың елімізге ресми сапары аясында Астанаға келген делегация­сының құрамындағы Қырғызстан халқы Ассамблеясы кеңесінің төрағасы, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Бектемір Мурзубраимовпен кездесті.

Кездесу Қырғызстан хал­қы Ассамблеясының баста­ма­сымен бауырлас екі ел ассамблеялары арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту, Қазақстанның мә­дениетаралық үнқатысу са­ла­сындағы жетістіктерімен, этносаралық толерант­ты­лық­тың қазақстандық үл­гі­сімен және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметімен, оның Парламенттегі өкіл­ді­гімен, сондай-ақ, ҚХА-дан сайланған депутаттар жұ­мы­сымен кеңінен танысу мақсатында ұйымдас­ты­рыл­ды.

Жиын барысында тараптар этносаралық толерант­ты­лық пен қоғамдық келісімді бекіту бойынша гу­ма­нитарлық саладағы бірлескен әріптестікке, мемлекет, өңір тұрақтылығын қамта­ма­сыз етуге қатысты бір­қа­тар мәселені талқы тара­зысына салды.

«Мен бұл сапар аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұ­ражай кешенін араладым, онда болғаннан кейін көңі­ліміз түсіп кеткендей бол­ды. Әрине, қаншама заман өтсе де, қаншама ұрпақ алмасса да, тарих ешқашан ұмытылмайды. Әсіресе, келешек буын үшін, жастар үшін тарихтың алатын орны үлкен. Бұл мұражай соны­сы­мен құнды. Сондай-ақ, мен ҚХА Хатшылығында өткен кездесуге қатыстым. Кездесу барысында Хат­шы­лық басшылығымен пікір алмасулар болды. Бұдан бір жыл бұрын, яғни 2011 жыл­дың 20 маусымында Қазақ­стан халқы Ассамблеясы мен Қырғызстан халқы Ас­самблеясы арасындағы ын­тымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойылған еді. Бұл меморандумға сәйкес, тараптар қос мемлекеттің достығын нығайту үшін әріп­тестік қарым-қатынас­тың қажеттілігін мойындай келе, гуманитарлық, мәде­ниет және мәдени мұра, өзара үнқатысу бағыттары бойынша тәжірибе алмасу әлеуетін пайдалана отырып, этносаралық және конфес­сия­аралық қатынастар сала­сындағы бірлескен іс-ша­раларды іске асыруды келіскен болатын», деді Б. Мур­зубраимов. Ол өз сөзін­де бүгінде елдің Жогорку Кенешінде 120 депутат болса, оның 15-і түрлі этнос өкілдерінен тұратынына тоқ­талды. Оның айтуынша, өткен жылы ҚХА-ның Қыр­ғызстанға сапары бары­сын­да этносаралық толерант­ты­лықтың қазақстандық үлгісі кеңінен таныстырылған. «Біз қазақстандық үлгіні тұ­тастай көшіріп алуды көз­демейміз. Алайда, бұл салада Қазақстаннан көп нәрсе үйренуге болатын секілді. Этносаралық және кон­фес­сияаралық татулықтың қа­зақстандық үлгісі дүние­жү­зілік ауқымда кеңінен таны­мал. Этносаралық мәселе­лер­мен айналысатын мұн­дай ұйымның баламасы әлем­де жоқ десе де болады. Біз осы үлгіні өз елімізде қолдану үшін де басшы­лыққа алмақпыз. Мәселен, Қырғызстан халқы Ас­сам­блеясы жанынан ғылыми-сараптамалық кеңес құру ойымызда бар. Ең бастысы, Орталық Азия өңірінде, Қазақстанда бейбітшілік, тұ­рақтылық, өзара түсініс­тік болғанын қалаймыз. Осы бағытта Қазақ елінен, оның тәжірибесінен үйре­не­тін тұсымыз көп», деді Қыр­ғызстан халқы Ассамблеясы кеңесінің төрағасы.

Қазіргі таңда екі ел ара­сында этносаралық ынты­мақтастықты дамыту мәсе­ле­лері бойынша тығыз бай­ланыс орнатылған. Мәсе­лен, биылғы жылдың нау­рыз айында ҚХА делега­ция­сының Қырғыз Респуб­ли­ка­сына жасаған екі күндік жұ­мыс сапары, сапар аясында «Қазақстан мен Қырғыз­стан­ның этносаралық қа­ты­настар саласындағы мемлекеттік саясаты» атты ха­лық­аралық семинардың ұйым­дастырылуы осының дәлелі дер едік.

Астанаға сапары аясын­да Б.Мурзубраимов Ұлттық академиялық кітапханадағы ҚХА депозитарийін тамашалап, «Атамекен – Қазақ­стан картасы» этномәдени мұражай-кешенін аралады.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».