Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Есіл ауданының тұрғын үй қоры толықтай е-ПИК жүйесіне қосылған

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жобаны аудан әкімдігі «Астана Innovations» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Есіл ауданының тұрғын үй қоры толықтай е-ПИК жүйесіне қосылған

Есіл ауданының тұрғын үй қоры толығымен е-ПИК жүйесіне қосылған. Бүгінгі таңда келісім-шарттар бекітіліп, қызмет көрсетуші ұйымдардың барлығы бірыңғай жүйеге қосылды. Жоба тұрғындардың ыңғайлылығы үшін жұмыс істеп, қызмет көрсетуші ұйымдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді», – деп мәлімдеді аудандық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Ауданда 482 көп пәтерлі тұрғын үй бар. 2017-2018 жылдары ауданда орналасқан апаттық жағдайдағы 22 үйдің 15 сүрілген. Бүгінгі таңда ауданда апаттық жағдайдағы 7 үй бар. 2018 жылы ПИК күшімен мақсатты алымдардың есебінен үйлердің подъездерінде, жабындарында, жылу тораптарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 14 тұрғын үй кешенінің қасбеттері қалпына келтірілді.