Аймақтар • 19 Ақпан, 2019

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін қуанышқа бөледі

264 реткөрсетілді

Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға қолдау көрсету қоғамға ортақ парыз. Алматы қаласының Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Жанұя» және Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналып қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Ерекше қамқорлықты қажет ететін балдырғандар Алатау баурайында сырғанақ теуіп, түрлі сыйлықтарға кенелді. Қайырымдылық іске Kinder брендімен Ferrero өнімдерін шығаратын италиялық компания және  «Аксай Айс Арена» компаниясы қолдау танытқан. «Балалардың жүзінен қуаныш көруден асқан бақыт жоқ. Аязды күндері жанға жылылық сыйлап қайырымды іспен айналысқан қандай жақсы», – дейді ұйымдастырушылар.

Балдырғандармен бірге көптеген блогер мұз айдынына келіп, балалықтың дәмін қайта сезінді. Бұған қоса әр балаға ойлау қабілетін дамытатын Kinder ойыншықтары үлестірілді. Компания өкілдері мұндағы басты мақсат қайырымдылық акциясын басқаларға үлгі ету екенін айтады.

Басқарма мамандары мен демеушілер алдағы уақытты мұндай бірлескен қайырымдылық шараларын дәстүрге айналдыратындарын жеткізді.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Негізгі ұғымдар жүйеленеді

Саясат • Бүгін, 08:43

Тиімді диологқа жол ашады

Саясат • Бүгін, 08:37

Қоғам мүддесін ойлаған құжат

Саясат • Бүгін, 08:33

Жарысты 8 жүлдемен аяқтады

Спорт • Бүгін, 08:29

Ақпанның бораны ашулы

Аймақтар • Бүгін, 08:26

Өткен ғасыр өрнегі

Таным • Бүгін, 08:25

Үшінші рет финалда жеңілді

Теннис • Бүгін, 08:24

Сөз сойыл №89

Руханият • Бүгін, 08:02

10 жыл субсидияланған саланың жыры

Экономика • Бүгін, 07:53

Жемістен чипс жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:52

Сөздің құны мен құдіреті

Руханият • Бүгін, 07:46

Бағаны ауыздықтаудың амалы

Үкімет • Бүгін, 07:44

Мақамы мәшһүр Маңғыстау

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Саят атының сыны мен бабы

Қоғам • Бүгін, 07:23

Қаламы семсер серке еді

Таным • Бүгін, 07:20

Өзі де, сөзі де сұлу

Руханият • Бүгін, 07:15

Ұқсас жаңалықтар