Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Қарағандыда биыл қандай жолдар жөнделеді

164 реткөрсетілді

Осы жылы облыс орталығының қай жолдары жөнделетіні туралы Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров халықпен есептік кездесуі барысында мәлімдеді. 

Өткен жылдан бастап қалада Құрылысшылар даңғылының Приканальная көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі бөлігінде күрделі жөндеулер басталған болатын. Қазіргі таңда бұл учаскіде кәріз желісі жаңартылып, орны ауыстырылып жатыр және нөсер канализациясы салынуда. Бұл жұмыстар биылғы жылы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.

2017-ші жылдан бері Қарағандыда Республика даңғылы мен Тәттімбет көшесін қосатын Приканальная жаңа көшесі салынып жатыр. Жолдың гүлзар үлгісінде жасалған бір бөлігінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары, техникалық жаяужолдар, велосипед жолдары салынды және жарық шамдарының бағаналары орнатылды. Жолдың екінші бөлігі биылғы жылы аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ 2019 жылы қала басшылығы Волочавск көшесінде де жаңа жол салуды жоспарлап отыр. Аталмыш жол Республика даңғылы мен Тәттімбет көшесін біріктіретін болады. Оның ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Жобада велосипед жолы, нөсер кәрізі және техникалық жаяужол қарастырылған.

Ал 14-ші ықшам ауданда биылғы жылы Майқұдық пен республикалық маңызы бар «Шығыс айналма жолы» трассасын қосатын айналып өту жолы салынады.

Күрделі жөндеулер қазіргі әрекеттегі жолдарда да жүргізіледі. Осылайша, ұзындығы 10 шақырымды құрайтын К.Маркс және Магнитогорская көшелеріндегі жолдар толықтай қалыпқа келтіріледі. Бұл жұмыстарды 2021 жылға дейін аяқтау көзделіп отыр. Сонымен қатар ұзындығы 8,8 шақырым жетінші магистраль (Саран шоссесінен бастап Тәттімбет көшесіне дейін) жолында күрделі жөндеу өткізіліп, оны 2020 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Сол жылы Тәттімбет көшесіндегі М-14 қиылысын қалыпқа келтіру аяқталады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • 15 Маусым, 2019

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар