Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Елорда оқушылары инновацияға ден қояды

610 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Гидропоника, аквапоника, зымыран ғылымы, 3D-модельдеу, үштілділік, кадеттік қозғалыс, робототехника және электромобиль, сұлулық индустриясы мен кейтеринг. Елорданың білім беру ұйымдарында осының бәріне үйретеді деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


 

Елорда оқушылары инновацияға ден қояды

Астана қаласының Білім басқармасы облыстық, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мұғалімдеріне мен өкілдеріне арналған «Кластерлер білім беру ұйымдарының инновациялық даму жетістігі» атты семинар өткізді.

Еліміздің аймақтарынан келген ұстаздарға Астанадағы балабақша, мектеп, колледж және Балалар үйінің тәжірибесі бойынша білім саласындағы инновациялардың енгізілуі туралы айтылды.  

Семинардың бірінші бөлігінде қонақтарға жобалық орталықтардың тәрбие жұмысы, мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңалықтар, атап айтқанда Нұрәлем павильоны базасында инклюзивті білім беру жұмысы көрсетілді.

Екінші бөлігінде қаладағы білім беру ордаларына бару жоспарланды. Мысалы, №58 мектеп-гимназияда озық инновациялық бағдарлама енгізілуде. Мектептің әрбір қабаты өзіндік тақырыпқа ие. Мұнда инновациялық алаңдар бар. Нақтырақ айтқанда, бұл робототехника және ракета моделдеу түріндегі кабинеттер.

Ал мектептің үшінші қабатында жасыл технологиялар қойылған. Оқушылар мұғалімдердің көмегімен жасыл желек өсіруге жағдай жасаған.

Олар алып жатқан білім болашақта жылыжай ашып, осы қызықты іспен кәсіби айналысуға мүмкіндік береді. 

Балалар үйінде әр баланың тәрбиесіне жеке қарайды. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға жақсы мүмкіндіктер қарастырылған. Мұнда Q-Study білім орталықтары, оның ішінде робототехника, stem-зертхана, хореография залы, спортзал, шеберлер сыныбы, тігін шеберханалар курстары ашылған.

Елордалық колледжге жасалған сапар шеңберінде қонақтарға студенттердің дизайнерлік жұмыстары көрсетілді. Модельдер студенттердің қолынан шыққан ұлттық киімдер, әшекей бұйымдар, шаш үлгілерін көрсетті. Қонақтар тағам дайындау, ІТ-технологиялар саласындағы ресурстық орталықтармен танысты.

Инновациялық әдістермен оқыту балалардың білім алуға қажетті дағдыларын, болашақ мамандықты таңдауда көмек береді деп сеніммен айтуға болады. Балабақша тәрбиеленушілерінен бастап студенттерге дейін ғылыммен, инновациямен және тіл оқумен қуана-қуана айналысады.