69 келідегі ел чемпионы украиналық Евгений Барабановқа қарсы өткен жартылай финал кездесуінде қолынан жарақат алған. Сол себепті, Жүсіпов ақтық жекпе-жекке қатыспай, турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде бес қазақстандық боксшы финалға дейін сүрінбеген болатын.
Бүгін Теміртас Жүсіпов (49 келі), Зәкір Сафиуллин (60 келі), Санатәлі Толтаев (64 келі) және Василий Левит (91 келі) алтын медальға таласады.