Аймақтар • 19 Ақпан, 2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

237 реткөрсетілді

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметі бойынша былтыр алаяқтық дерегі бойынша 749 оқиға тіркелген.

«Біздің қолымыздағы деректер алаяқтық жасаумен айналысқан адамдардың көпшілігі 25-45 жастағылар екенін көрсетіп отыр. Олардың басым бөлігі - әйелдер. Мәселен, былтыр алаяқтық бойынша 288 күдіктінің 189-ын әйелдер құраған. Айта кетерлігі, интернет арқылы өздерінің арам ойларын жүзеге асыратындар көбейіп барады. Биылғы жылдың басынан бері полиция қызметіне осындай жағдайды бастан өткізген 147 шағым келіп түскен», - дейді Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлжахан Қайырбергенова.

Бір есептен, адамдардың өздері де алданғанын тым кеш біліп жатады екен. Алаяқтардың арбауына түскендердің арасында алты жыл өткеннен кейін шағым жазғандар бар. Күнде ертеңмен тәтті тілінен бал тамызғандардың уәдесі сұйылып, құйрығын ұстатпауға айналған соң ғана арыз жазғандардың қатары жүзден асады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар