Спорт • 19 Ақпан, 2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

189 реткөрсетілді

Астана - Ертең 20 ақпан сағат 11:00-де Сарыарқа велотрегінде (Қабанбай батыр, 42 «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз залы) классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионатының өткізілуіне арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы, Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко, гроссмейстер, ҚР әйелдер құрамасының мүшесі Динара Садуакасова, гроссмейстер, ҚР ерлер құрамасының мүшесі Ануар Исмагамбетов спикер болады.

Наурыз айында Астанада, әлемнің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысатын  классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионты өтеді.

Мұндай іс-шара Қазақстанда алғашқы рет өтеді.

Турнирде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Ресей,  Ұлыбритания, Үндістан,  Украина, Грузия, тағы да басқа елдерден және Қазақстаннан 20 құрама ойнайды - 10 ерлер және 10 әйелдер командасы. Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң ең жоғары рейтингтерімен 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда және де FIDE президентімен тағайындалған екі команда болады.  Командалық есепте Әлем чемпионы атағы - бөлек түрде,  ерлер және әйелдер командаларына беріледі.      

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар