Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсету тұрғысында мекемелермен келісімшарт жасады.

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалы директоры Руслан Бектібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов облыстағы 91 медицина ұйымының 65 пайызы жеке қолда екендігін мағлұм етті. Жиында басқарма басшысының орынбасары Олжас Ысқақов өткен жылы 23 қосымша аймақ ашылды. Цифрлы технология – аталған жүйенің алғышарты.

Қазір аудандар мен шалғай ауылдардың өзі ғаламторға емін-еркін ене алады. Біз осылай қағазсыз айналымды қолға алып жатырмыз дегенді айтса, қор филиалының директоры стационарлық, қала және ауылдардағы емханалық-амбулаториялық, консультативтік-диагностикалық көмектерді көрсетуде жеке клиникалардың үлесі 3 есеге артқандығын, биыл бұл қатарға оңалту және қалпына келтіруге бағытталған көмек пен стоматологиялық қызмет көрсету де енетіндігін айтты.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше