- «Ақылды қала» жобасын іске асыру аясында білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сияқты 5 басым бағыт бойынша жұмыстар басталды. Мәселен, Астанада «қауіпсіздік» бағыты арқылы жыл қорытындысына сай «СЕРГЕК» жобасы Жол Көлік Оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті. Ал Шымкент қаласында орнатылған фото-бейне бақылау камераларының есебінен қылмыс саны 16,7%, (он алты бүтін оннан жеті пайызға) Жамбыл облысында 22%-ға азайды,- деді Д.Абаев.
Министрдің айтуынша, көлік саласында сараланған тариф енгізілгеннен кейін Астанада көлік картасын пайдалану үлесі 43%-дан 94%-ға дейін артты. Осы тариф енгізілген сәттен бастап Астана автопарктерінің табысы 30%-дан астам өскен.