2019 жылдың 15 ақпанына дейін 29 278 салық төлеуші бюджетке жалпы сомасы 6 миллиард теңге құрайтын қарызын төлеген. Олардың 1,1 миллиард өсімпұлы мен 200 миллион теңге айыппұлы есептен шығарылмақ.
Ал қазіргі таңда 968 салық төлеушінің 20,4 миллион теңге сомасындағы өсімпұлы есептен шығарылды.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енді. Ал 8 ақпанынан бастап қарызды төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығарылады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сүйенсек, 90 077 шағын және орта бизнес өкілдерінің 340,6 миллиард теңге салық берешегі бар. Солардың бәріне рахымшылық жасау қарастырылған.
Айта кетерлігі өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады. Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілерге қатысты рахымшылық қолданудың тәртібі бөлек.