Сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз сөзінде Қазақстандағы маңызды әлеуметтік-саяси үдерістерді талқылауға арналған диалог алаңы ретінде ККО-ның бірегейлігін атап өтті. ККО мемлекеттік саясаттың ашықтығы мен азаматтық қоғаммен диалог орнату бейілділігінің көрінісі болып табылады.
ККО қалыптасқан сәттен бастап, талқылаулардың мазмұны мен өзектілігі ешқашан төмендемеген емес, керісінше қозғалатын тақырыптарға деген тәуелділігі артып, конструктивті бағытымен ерекшелене түсті.
«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы адам құқықтарын көтермелеу және қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық құралдардың қатысушысы болып табылады. Бұл мемлекетіміздің адам құқықтарын қорғау құндылықтары мен қағидаттарына, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін дәйекті жетілдіру ұстанымын көрсететіні сөзсіз», - деп атап өтті Министр.
Қазақстандық құқық қорғаушылар өз кезегінде ККО-ның жұмысына толыққанды қолдау көрсетіп, қазақстандық мемлекеттік органдарға сындарлы жұмыс атқарғаны үшін ризашылығын білдірді. Қазақстандық ҮЕҰ-дың қатысушылары өз сөзінде ККО-ның рөлін және ККО-ның шеңберінде талқыланатын адам құқықтарын қорғау аспектілерін іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның күн тәртібіне сәйкес, ККО-ның 2019 жылға арналған Жұмыс жоспары қабылданды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үстіміздегі жылы атқарылатын бірлескен жұмысқа нақты ұсыныстар енгізді.
Отырыс барысында қатысушылар ККО-ның 2018 жылы атқарған жұмысына қорытынды жасады және Әмбебап жан-жақты мерзімді шолу шеңберінде адами өлшем саласындағы ұсынымдардың іске асыру барысын талқылады.
Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Дәстүрлі түрде азаматтық секторы да кеңінен қатысты.
Байқаушы ретінде БҰҰ және ЕҚЫҰ ұйымдардың өкілдері қатысты.